"AUZHAN" көптілді лицейі оқушыны жан-жақты дамытуға және сапалы білімді меңгертуге бағытталған бірегей білім беру бағдарламасын ұсынады. Толық күндік мектеп концепциясын ұсына отырып, бала уақытын тиімді өткізуге барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
Шет елдік немесе еліміздің озық университеттерінің оқу грантын бағындыруға қажетті, оқушы таңдауы бойынша неміс, француз, қытай, түрік, араб тілдері тереңдетіп оқытылады.
Білікті мамандардың жетекшілігімен халықаралық "IELTS", "SAT" емтихандарына және ҰБТ тестіне толық дайындық курсы қарастырылған.
Бес бағыттағы 30-дан астам дамыту үйірмелері қажеттілікке сай жасақталып, өткізіледі. Заманауи жабдықталған ғимарат пен кең спорт алаңды кампус салауатты ұрпақ тәрбиелеуге ыңғайлы.
«World сlass» бассейінінде жүзу мүмкіндігін ала отырып, біздің әрбір оқушымыз жүзуді және суға батып бара жатқан адамды құтқаруды меңгереді. Аула фитнесін дамытып, салауатты Қазақстанды жасау мақсатында лицейімізде Workout алаңы жасақталған. Алаңда оқушыларымыз еркіндікті сезініп, спортпен айналысады.
Дене мен ой қабілетін дамытуға пайдалы ингредиенттермен даярланған үш мезгіл тамақтану мәзірі қарастырылған. Әрбір тамақтану арасындағы тәуліктік рационның бөлінуі, тамақтану уақыты және тамақтану аралығындағы интервал қатаң түрде сақталған. Мектеп асханасы толық модернизациядан өтіп, балаңыздың тамақтану кезіндегі жайлы жағдайы қарастырылған. Білім алушылардың денсаулығы үшін мектеп асханасында барлық санитарлық-гигиеналық талаптар мен нормалар сақталған. Сыныптың тәрбиеші-кураторлары балаңызға «Дұрыс тамақтанудың пайдасы» бойынша бағдар беріп отырады.
Балаларды микроавтобуспен тасымалдау қызметі бар. Біздің автобустар балалардың жайлылығы үшін жұмсақ орындықтар, кондиционер және ойын-сауық опциялары жасақталған.
Ұлдар мен қыздарға арналған толық құрылғылармен жабдықталған технология кабинеттері баланы алғашқы өмірге икемдейді.
Таза ауада жүзеге асатын амфиитеатр (аспанасты театры) жобасы балаға сахна мәдениетін игеріп, ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді.
Біздің лицейде әрбір оқушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәуліктік камералар құрылғысы, Face ID жүйесі, әрбір сыныптағы бағыттаушы тәрбиеші-кураторлар, қоршалған территория, сенімді күзет бөлімі жұмыс жасайды.
«Auzhan KTL» көптілді лицейімізде 120 балаға арналған, ұлдар лицей-интернаты ұйымдастырылған. Оқушылар бос уақытында интернат тәрбиешілерінің жетекшілігімен арнайы интернат жобаларымен айналысады. Үй жұмысын терең орындап қана қоймай, пәндік ғылыми жобаларға дайындала алады. Интернат тәрбиеленушілерінің жеке дамуы, академиялық жетістіктерге жетуі, болашақ мамандық таңдауы бойынша диагностикалық жұмыстар жүргізіледі. Лицей-интернатта адамгершілік, спорттық, еңбекке баулу және ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру бағыттарына нақты жоспарлы жұмыс жасалады.