Архитектура 5 қабаттан тұрады. Жалпы ауданы 10 000 шаршы метр.
60 оқу кабинеті. 3 спорттық аймақ. Толық жабдықталған 5 бағыттағы 34 түрлі үйірме кабинеті. Технология кабинеттері, ұлдар мен қыз балаларға арналған.
Қазақстанның Еңбек Ері - Дулат Исабеков атындағы орталық. Ауқымды кітап қоры.
1300 жеке шкаф оқушыларға арналған.
Мәжіліс залы. Дауыс жазу студиясы. Хореография кешендері.
3 мезгіл тамақтану режимі (таңғы ас, түскі ас, бесін ас). Асхана жұмыс жасайды.
Химия, физика, биология пәндері бойынша кеңейтілген лабораториялар.
Ең соңғы үлгідегі мультимедиялық құралдар мен компьютерлер.
Әр блокта кітап сөрелері мен дамыту техникалары орналасқан.
Аспанасты амфитеатры. Футбол ойын алаңы. Үлкен жылыжай (теплица). Воркаут алаңы. Демалыс бекеттері.
Тәуліктік камералар құрылғысы. Face ID жүйесі. Қоршалған территория. Сенімді күзет бөлімі жұмыс жасайды.